Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мәлімдегендей мұндай қызметтер меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың барлығында жұмыс істейді. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады).
Бұл қызмет немен айналысады?
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі (ПҚІСҚ) медициналық көмекті ұйымдастыру мен медициналық ұйымның клиникалық қызметіне талдау жүргізіп, медициналық көмекті көрсету тәртібі мен стандарттарының бұзылуын, медициналық жағдайлар немесе медициналық қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін анықтап, азаматтардың өтініштерін қарайды. («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабы, 3-тармағы, 2-бөлігіне сәйкес).
Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Ол даулы жағдайларды шешуге, пациенттердің құқығын қорғауға, қажет медициналық көмекті алуына жәрдемдеседі. Сонымен қатар МӘМС жүйесі туралы кеңес беріп, дәрігер тағайындауына қатысты сұрақтарды түсіндіреді.
«Қор пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыруда. Себебі олардың қызметі медициналық көмектің сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейіне әсер етеді. Барлығы бірдей жоғары инстанцияларға ресми өтініш жолдап, жауап күткісі келмейді. Сондықтан осындай жағдайларда пациенттің уақытын жоғалтпай, мәселені тікелей медициналық ұйымның ішінде шешуге мүмкіндік беретін қызмет жұмыс істейді. Мамандар жағдайды мұқият зерттеп, ең тиімді шешімді табады», – деп атап өтті ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Егер сұрақ қосымша қарауды қажет етсе немесе қызмет оны шеше алмаса, азаматтар өңірлік денсаулық сақтау басқармасына немесе ӘМСҚ-ға төмендегі цифрлық сервистер арқылы жүгіне алады:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
Telegram-бот @SaqtandyryBot;
Қордың ресми сайты: https://msqory.kz/.
Пациенттерді қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгінуге болады?
– шұғыл көмек алу немесе учаскелік дәрігерге қаралу үшін сақтандырылған мәртебеңізді талап етсе;
– учаскелік дәрігер болмағандықтан қабылдауға кіру мүмкін болмаса (мысалы, жұмыстан шығып кеткен, ауырып қалған немесе қабылдауды тоқтатқан);
– учаскелік дәрігер/мейірбике/фельдшер үйге шақыртуға бармаса, ал сіз осы емханаға тіркелген болсаңыз;
– емханада бейінді маман болмаса немесе оның кеңесіне бір ай бойы жазыла алмайсыз десе;
– медициналық көрсеткіштер бойынша тиесілі диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама ала алмасаңыз;
– талдау нәтижелерін көрсетпесе;
– қабылдау кезінде дәрігер дөрекілік танытса немесе өзін лайықты ұстамаса;
– көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
– қойылған диагноз немесе тағайындалған емге күмәндансаңыз;
– дәрігер тағайындауы түсініксіз немесе тағы сұрағыңыз болса;
МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді және жарналарды қалай төлеу керектігін білмесеңіз;
– медициналық жазбаларыңызда қате ақпаратты немесе жалған жазбаларды анықтасаңыз;
– жалпы медициналық ұйымның немесе қызметкерлердің жұмысына қанағаттанбасаңыз және басқа да жағдайларда жүгінуге болады.
Көптеген жағдайлар жазбаша шағым түсіруді қажет етпейді.
Олар қызмет мамандарының әрекетімен сол жерде шешіледі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды өз құқығын қорғауға белсенді болуға шақырады. Себебі уақытылы жүгінген кезде әділдікті қалпына келтіріп қана қоймай, жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға да ықпал етеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша
филиалы.
Кто защищает права пациентов в медицинских организациях?
Порой в фонд обращаются пациенты, находясь в кабинете у врача или сразу после приема, чтобы разобраться в своей ситуации. Не все знают, что задать вопросы и получить помощь можно прямо на месте – обратившись в службу поддержки пациента и внутренней экспертизы при поликлинике или больнице.
Как напомнили в фонде социального медицинского страхования, такие службы функционируют в каждой медицинской организаии вне зависимости от формы собственности (согласно п. 9 правил организации и проведения внутренней и внешней экспертиз качества медицинских услуг (помощи), утвержденных приказом МЗ РК от 3 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-230/2020).
Чем занимается данная служба?
Служба поддержки пациента и внутренней экспертизы (СППВЭ) проводит текущий анализ организации оказания медицинской помощи, клинической деятельности медицинской организации, выявляет факты нарушения порядка оказания медицинской помощи и стандартов, медицинского инцидента или причинения вреда жизни и здоровью пациента в результате осуществления медицинской деятельности, а также рассматривает и обращения пациентов (согласно ч. 2 п. 3 ст. 35 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения»).
Служба поддержки пациента и внутренней экспертизы работает по принципу «здесь и сейчас». Она занимается разрешением спорных ситуаций, помогает пациентам в защите их прав и получении положенных медицинских услуг, дает консультации об ОСМС, разъясняет возникающие вопросы, в том числе касательно назначений врача.
«Фонд продолжает всесторонне содействовать работе служб поддержки пациента и внутренней экспертизы. Ведь их деятельность тоже влияет на уровень удовлетворенности граждан качеством медицинской помощи. Не все хотят направлять официальные обращения в вышестоящие инстанции и ждать ответа. Поэтому в таких случаях на помощь приходит служба поддержки медицинской организации, которая зачастую помогает решить проблему прямо на месте, не теряя времени пациента. Специалисты внимательно изучают ситуацию и находят оптимальное решение», – отметила заместитель председателя правления ФСМС Индира Саркенова.
Если вопрос требует дополнительного рассмотрения или служба не смогла решить проблему, можно обратиться в региональное управление здравоохранения или в ФСМС по следующим цифровым сервисам:
мобильное приложение Qoldau 24/7;
Telegram-бот @SaqtandyryBot;
официальный сайт Фонда https://msqory.kz/.
В Службу поддержки пациентов можно обращаться, если…
– требуют статус застрахованного для получения экстренной помощи или посещения участкового врача;
– отказывают в приеме участкового врача по причине его отсутствия (уволился/ заболел/ отменил прием);
– участковый врач/медсестра или фельдшер не обслуживает вызов на дом, хотя вы прикреплены к данной поликлинике по территориальному принципу;
– не можете получить консультацию узкого специалиста, так как его нет или запись заполнена на весь месяц;
– не дают направление на положенные по показаниям здоровья диагностические или лабораторные услуги;
– не ознакомили с результатами проведенного обследования;
– врач при приеме проявил грубость, вел себя некорректно;
– не удовлетворены качеством оказанной медицинской помощи;
– сомневаетесь в корректности поставленного диагноза или назначенного лечения;
– не понятно назначение врача или нужны другие разъяснения;
– не знаете, как проверить статус в ОСМС и оплатить взносы;
– обнаружили в своих медицинских записях некорректные данные или приписки;
– в целом недовольны качеством работы медперсонала и медицинской организации и многие другие.
Многие ситуации не требуют письменного обращения, а разрешаются на месте благодаря действиям сотрудника службы.
Фонд социального медицинского страхования призывает граждан быть активными в защите своих прав, ведь своевременные обращения помогают не только восстановить справедливость, но и улучшить систему здравоохранения в целом.
Филиал по Жамбылской области НАО «Фонд социального
медицинского
страхования».