Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Ветеринария» мамандығының студенті Ернар Камидулла биылғы жылы үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол өңірлік іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, республикалық деңгейде Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауына жолдама алды.
Сәуір айында өткен марапаттау рәсімінде Ернар ҚР Оқу-ағарту министрі Бисембаев Ғани Бектайұлына өзінің жобасын таныстырып, байқаудың арнайы медалімен, дипломымен және сертификатымен марапатталды.
Ернардың жетістігі мұнымен шектелмейді. Ол елге оралған бойда, 14–15 мамыр күндері Талдықорған қаласында өткен «VETERENARUS OPEN ZHETISU – 2025» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысты. Бұл байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Ветеринария» мамандығы бойынша үздік студенттерін біріктірді.
Жалпы байқауға еліміздің әр өңірінен келген 9 үздік студент қатысып, өз білім ордасының абыройын қорғады. Қатысушылар заманауи технологияларды пайдалана отырып, нақты практикалық тапсырмаларды орындады. Байқау 4 модуль бойынша ұйымдастырылып, қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдылары жан-жақты сыналды.
Ернар Камидулла өзінің кәсіби білігі мен оқу орнында меңгерген тәжірибесінің нәтижесінде жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Бұл – оның тынымсыз еңбегі мен табандылығының жемісі. «Білім – өмір шырағы» демекші, шәкіртін білім мен ізденіс жолына бағыттап, үлкен жарыстарға дайындаған жетекшісі Көпбаева Айсұлу Тұрсыналықызына ерекше алғысымызды білдіреміз.
Ернар Камидулланы осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз!
Ж.Байсақалова,
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы.
Ветеринария пәндік циклдік комиссия төрайымы.