Дүниеде сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ

174 Views

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Жылына бір рет балаларға сыйлық сыйлап, қолдарына шар ұстатудан бөлек, күнделікті балалар құқығын қорғауды біз ұдайы насихаттауымыз керек. Қазіргі таңда балаларды смартфонсыз елестету қиын. Тіпті тілі шығып үлгермей жатып, смартфоннан өзіне қажеттісін тауып ала алатын жағдайға жеткен. Әрине, баланың өмір ағымынан қалып кетпегені дұрыс шығар. Бірақ кішкентайынан смартфонға телмірген баланың денсаулығы қалай болатынына да мән беру керек-ақ. Себебі смартфон қазіргі кезде баланы жұбатудың басты құралына айналып келеді. Үйренген бала смартфонсыз ұйықтамай, тіпті жұбанбайды да. Қолынан алып қойсаңыз жылайды, яғни тәуелділік туындай бастайды. Ендеше, баланы смартфоннан тәуелсіз етудің жөн-жобасын қарастыруымыз керек.Одан денсаулық пен ой-санамызға келетін зиянның қаншалықты екеніне аса көп мән бермейміз. Үлкендер тәуелді болып, жүйкелері сыр беріп жатқанда, өмірді енді бастаған балалардың психикасы қандай күйге түсетінін ойлаудың өзі қорқынышты. Қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін, болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ.
Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып келеді. Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша, мектеп және оның өскен ортасы.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.

Айнұр Кенжебекқызы,
аудандық орталық аурухананың функционалды дәрігері.

Поделиться ссылкой: