Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Өткен аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бейсенбек Әлпейісовтің төрағалығымен өткен отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері мен ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыста аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы және осы бөлімнің 2024 жылы атқарған жұмыстары қаралды.
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Медет Аденов баяндама жасады. Содан соң аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Мият Ибрагимов күн тәртібіндегі мәселе бойынша қосымша баяндама жасады. Отырыста осы саладағы бірқатар өзекті мәселелер де талқыға салынды. Отырыс соңында айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, шешімдер нақтыланды.
«Құлан таңы» ақпарат.