Өлеңі – өмірі
26 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам. Осы сөзді терең ұғынып, мектеп қабырғасында көп ойландым, толғандым.
Кім боламын, қайда барамын, нені ұнатамын? Осы үш сауалға жауап іздедім. Бірақ әдебиет пен мәдениеттің жаныма жақындығы, шығармашылық бағытқа бағдар болды.
Абай, Мұқағали сынды қаламгерлердің сүбелі сөздерін жастайымнан санама сіңіріп, әдебиет әлемінің әліппесін таныдым. Түрлі байқауларға қатысып, көркем сөздің қадірін ұғындым. Сол себепті болашақта қалам ұстаған қауымның қатарына қосыламын деп байлам жасап отырмын. Нақтырақ айтсам, журналистика мамандығын таңдап отырмын.
Телеарналардағы жүргізушілер мен журналистер менің арманыма қанат байлап, сол аға-әпкелерім секілді болсам деген ниетімді нығарлай түстім.
Халық пен билік арасындағы алтын көпір, жұрттың мұң-мұқтажын үкіметке жеткізген жорналшы қауымның еңбегі ерен. Олар ел игілігі үшін еңбек етеді, әлеуметтің әлеуеті әлді болғанын қалайды.
Жалпақ жұртқа жақын жүретін маман иесі менің табиғатыма жақын әрі үндес. Сәттілік серік болса, санадағы сан арманның бірі орындалар еді.
Ақторғын Қанатқызы.
жас түлек.