Балалардың қауіпсіздігі әрқашан бақылауда болу керек

17 Views

Терезеден құлау – балалар жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қала жағдайында. Балалар ашық терезе алдында табиғи қызығушылығына байланысты өте осал. Жазатайым оқиғалардың себептері қазіргі терезелер үлкен физикалық күш-жігерсіз оңай ашылады.
Егер терезе арнайы құрылғылармен (блокаторлармен) қорғалмаса және баланың терезеге шығу мүмкіндігі болса (мысалы, терезенің жанында үстел, орындық немесе диван тұрса), жағдай өте қауіпті болады. Балаларды терезе сыртында болып жатқанның бәрі қызықтырады: көліктердің қозғалысы, құстардың сайрауы мен адамдардың дауысы, табиғат құбылыстары. Көбінесе ата-аналар балаларын терезеге жақындатып, көшедегі қызықты нәрселерді көрсетеді. Бұл кезде бала биіктіктен қорықпайды. Өйткені ол қауіпті сезінбейді. Сонымен қатар ата-аналар немесе басқа ересектер (әжесі, тәтесі, күтушісі, үлкен ағалары мен әпкелері) қасында болғанда, бала өзін қауіпсіз сезінеді.
Қауіпсіздік техникасы
Үйде баланы күтіп тұрған қауіптерді талдай отырып, ата-аналардың көпшілігі алдымен электр тогынан соғу, күйік немесе улану туралы ойлайды. Ал терезелер мен балкондарға жеткілікті назар аудармайды. Көптеген адамдар масадан қорғайтын торларға тым сенімді болып, олардың баланың терезеден құлауын болдырмайды деп ойлайды. Бұл қауіпті жаңсақтық – бала торға сүйенсе, ол оны ұстай алмайды. Қайғылы жағдайдың алдын алудың ең жақсы жолы – әрдайым сақ болу, баланы қадағалау, оның қайда екенін және не істеп жатқанын бақылау, ол тынымсыз ба, әлде тыныш па, ұйықтап жатыр ма, әлде ояу ма, балконда ма, әлде бөлмеде ме – маңызды емес.
Ата-аналарға арналған ескертпе
– терезелерге арнайы құлыптар немесе шектегіштер орнатыңыз;
– желдету үшін әрқашан фортопка (егер бар болса) немесе терезенің тігінен ашылу режимін пайдаланыңыз;
– терезеден алысқа төсектерді, орындықтарды, үстелдерді және басқа да жиһаздарды жылжытыңыз, сонда бала терезеге шыға алмайды;
– ешқашан кішкентай балаға терезені қалай ашу керектігін көрсетпеңіз;
– ашық терезе алдында кішкентай балаларды қолдарыңызда ұстамаңыз. Олар көшеде бір қызықты нәрсе көріп, кездейсоқ бұрылып кетуі мүмкін;
– егер бала сәл өскен болса, оған ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ана мен ересектің бақылауында болу керек. Қарапайым сақтық шараларын қабылдау және ықтимал қауіптерге үнемі назар аудару қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Балалардың өз өмірі мен денсаулығын сізге сеніп тапсыратынын ұмытпаңыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий