Жол белгісі – жауапкершілік көрсеткіші

118 Views

«Заң мен тәртіп» қағидаты – тек құжат жүзіндегі ереже емес, ол – күнделікті өмірде әрбіріміздің қауіпсіздігіміз бен мәдениетіміздің өлшемі.

Сол өлшемнің бірі – жол белгілерін сақтау мен құрметтеу. Өкінішке қарай, соңғы уақытта кейбір елді мекендерде жол белгілерінің бүлінуі, бетін бояу, жазу немесе мүлде жұлып алу жағдайлары тіркеліп отыр. Бұл әрекеттер тек заңсыз ғана емес, адам өміріне қауіп төндіретін салғырттық.
Аудан көлемінде «Құлан – мәдениет мекені» тұжырымдамасы да қабылданған. Бұл – ауданымыздың тазалығын, тәртібін, көркем келбетін бірге сақтауымыз керек деген сөз.
Жол белгілері бүлдіру – өзіміздің, бала-шағамыздың амандығына қиянат жасау деп біліңіз.
Айдана МАҚСҰТ.

Поделиться ссылкой: