5000 тоннадан астам дизель отыны таратылған

130 Views

Жыл басында аудан бойынша 114 шаруа қожалығы жеңілдетілген бағамен берілетін 9195,57 тонна дизель отынына өтінім берген болатын. Бүгінгі таңда бұл сұраныстың басым бөлігі қанағаттанды­рылып отыр.

Ауданға бүгінгі күнге дейін жалпы көлемі 5200 тонна дизель отыны жеткізіліп, 97 шаруа қожалығына 5155,4 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай таратылған. Бұл жұмыстың орындалу көрсеткіші – 99,14%. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.
Шаруалар алған дизель отынын көктемгі егіс жұмыстары мен орақ науқанына тиімді пайдаланып жатыр.
Жыл соңына дейін қалған отын көлемі де кезең-кезеңімен жеткізіліп, барлық шаруаларға жеңілдетілген шартпен таратылатын болады.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мұндай қолдау ауыл еңбеккерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және жоғары өнім алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой: