2025 жылдың 6 айында 570 АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАЛҒАН

99 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2025 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2025 жылдың 6 айында 32 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 23 тұлғаға қатысты 21 іс үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 344 тұлғаға қатысты 344 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 277 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалып, 67-сі қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 35 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2025 жылдың 6 айында 570 азаматтық істер қаралып, оның ішінде 326 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған. 123 азаматтық іс өндірістен қысқартылып, оның ішінде 112 азаматтық іс медиация тәртібімен, 10 бітімгершілік тәртібімен қысқартылған. 45 азаматтық іс қараусыз қалдырылған. Бұйрық арқылы іс жүргізумен 75 азаматтық істер қаралған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 28 мақала жарияланып, 7 дөңгелек үстел, 6 семинар, 2 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға А.Замбаев тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: