Ата заң – Айбыным

117 Views

Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің ең жоғары заңы, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізін анықтайды. Конституция 1995 жылдың 30-шы тамызында бүкіл Қазақстан халқы болып республикалық референдумда қабылданып, сол күннен бері Конституция күні ретінде тойланады.
Қазақстан Конституциясы – тәуелсіздік кепілі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізгі қорғанысы. Ол көп ұлтты, бейбіт Қазақстанның болмысын және дамудың стратегиялық бағытын айқындайды. Ата Заңымыз – әрбір жекелеген азаматтың өміріндегі қарым-қатынасының, күнделікті іс-әрекетінің негізі, бүкіл еліміздің бітім-болмысы. Конституцияның 1-бабында «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп атап көрсетілген. Осы Ата Заң қабылданған күн еліміздің ұлттық мерекесіне айналды.
Ата Заңның әрбір қазақстандық үшін орны бөлек. Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз барлығымыздың, яғни Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың міндеті мен парызы.

У.Акпанова,
аудандық сот әкімшісінің
бас маманы.

Поделиться ссылкой: