Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Өткен сәрсенбіде аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерғазы Еспенов Абай ауылдық округіне арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында ауыл өміріне қатысты бірқатар өзекті мәселе көтеріліп, тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды.
Ашық форматта өткен жүздесуде Ерғазы Жұмабекұлы халықтың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, көтерілген мәселелерді жүйелеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Ауыл тұрғындары елді мекеннің өркендеуіне қатысты ойларымен бөлісті. Әсіресе ағын су жолдарын реттеу және оның мөлшерін молайту, көшелерге жарық бағаналарын орнату, жеңілдікпен су ұңғымаларын қазу сынды мәселелер көтерілді.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан басшысының міндетін атқарушы Ерғазы Еспенов кеше Луговой ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндалып, тұрғындар тарапынан көтерілген өтініш-тілектерге жауап берілді.
Жалпы, Луговой ауылдық округінде биыл бірқатар жобаларды іске асыру үшін 86,3 млн. теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде Қ.Әбіқұлов, Т.Рысқұлов, Ақжол көшелерін жарықтандыру, Теміржолшы көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолы мен шағын футбол алаңын салу сияқты жобалар жүзеге асқан. Сондай-ақ, су жүйелерін күтіп ұстауға және бейберекет төгілген қоқыстарды шығаруға да қаражат бөлінген.
Жиында тұрғындар ауыз су, көгілдір отын, электр жарығына қатысты мәселелерді көтерді. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласына байланысты да бірқатар ұсыныстар айтылды. Көтерілген мәселелер мұқият тыңдалып, Ерғазы Жұмабекұлы тарапынан жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.
Жәнібек Базылбек.