23 маусым – Қазақстан полициясы күні
36 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Осы аптада аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кеңейтілген жиын өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерғазы Еспеновтің төрағалымен өткен кеңейтілген мәжілісте 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары қаралды.
Жиында аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі Елмар Оңалбеков, аудан әкімдігі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастанов, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Темірғали Биғазиев баяндама жасады. Осылайша кеңейтілген мәжілісте 6 айда атқарылған жүйелі жұмыстардың жай-жапсары сараланып, нақты тапсырмалар берілді.
Одан бөлек осы алқалы мәжілісте республика аумағын қамтып жатқан ауылшаруашылық санағының да ауданда қалай өрбіп жатқаны талқыланып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Өз тілшіміз.