Басты мақсат – құқықтық тәртіп

95 Views

Ағымдағы жылдың тамыз айының 26-сы мен 28-і аралығында ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын-алу, ескерту, жолын кесу. Сонымен қатар қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, теміржол және әуе объектілерін қарау кезінде көші-қон ережесін бұзу фактілерін анықтау, ұсақ бұзақылық, аз мөлшердегі есірткі заттарын пайдалану, тасымалдау фактілерін анықтау болып табылады.

Қанат Удербаев,
Түрксіб ст. ЖПб Жеке құраммен жұмыс тобының аға инспекторы, полиция майоры.

Поделиться ссылкой: