Жеке кәсіпкер және МӘМС: жарналар мен жеңілдіктер туралы не білу қажет?

161 Views

Жеке кәсіпкерлерге МӘМС жарна­ларын тұрақты түрде төлеу маңыз­ды. Өйткені бұл олар­дың МӘМС жүйесіндегі мәр­те­бесін сақ­тау­ға және сапалы медици­налық көмек алу­ға мүмкіндік береді. Әлеуметтік меди­циналық сақ­тан­дыру қоры 2025 жылы жарналарды қалай дұрыс әрі ыңғайлы төлеуге бола­ты­нын түсіндірді.
Қанша және қалай төлеу керек?
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар басқа да әлеуметтік төлемдермен қатар МӘМС-ке белгіленген жарна төлейді. Бұл 2025 жылы ең төменгі жала­қының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, яғни 5 950 теңге.
Егер кәсіпкер жалдамалы жұмыс­шылар­­ды ұстаса, олар үшін де қосым­ша төлем жасалуы тиіс:
–жұмыс беруші есе­бі­нен – жұмыс­кер табысының 3%-ы (максимум 25 500 теңге);
– жұмыскер табысынан – 2% (ең көбі 17 000 теңге).
Егер жеке кәсіпкер бір мез­гіл­­де жал­­­да­малы жұмыста да іс­тейтін бол­са, ол жарналарды әрі ЖК ретінде, әрі қыз­мет­кер ретінде төлеуге мін­дет­ті.
Алайда кейбір санаттар жар­на төлеуден босатылады:
– ресми түрде қызметі тоқ­­­­татыл­­­ған ЖК;
– мүгедек­тігі бар азамат­тар;
– зейнеткерлер;
– марапатталған көпбалалы аналар;
– күндізгі бөлімде оқитын студенттер.
Ал дек­рет­тегі әйел­дер ЖК қыз­­метін тоқтат­­па­ған жағдайда, жарна төлеуге міндетті болады.
Уақтылы төлеу­дің маңыз­дылығы.
Жар­налар­­ды ай сайын немесе бір­ден бірнеше айға төлеуге болады. Уақ­ты­лы төлем жасалмаса, бере­шек пен өсімпұл жиналып, МӘМС жүйесін­дегі сақтандырылған мәртебе жоғалады.
«Жарна­ларды міндетті түрде төлеу – барша азаматтардың сапалы медициналық көмек алуына кепілдік береді. Жеке кәсіпкерлер мұны сақ­тауы тиіс. Өйткені бұл – тегін емделу құқы­ғына жол ашады», – деді Жамбыл облыс­тық филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова.
Егер кәсіпкер жеке клиникаларда емделетін болса да, жарна төлеуден бас тартуға болмайды. МӘМС ар­қылы мемлекеттік те, жеке­мен­­шік клиникалардағы қызметтер де қам­тылады. Кәсіпкер өз қызметін тоқ­татқан жағдайда ЖК ретінде жарна төлеу­ді доғарады. Бірақ сақ­тан­дыру мәр­тебесін жеке төлеу немесе жұмыс беру­ші арқылы жалғастыру мүм­кін.Жар­­налар мен аударымдарды екін­ші деңгейлі банктер, олардың мобильді қосым­шалары немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төлеуге болады (кодтар: 122 және 121).
Маңызды: төлем жасау кезінде ЖСН, Т.А.Ә. және төлем сомасы дұрыс көрсетілуі керек.

Жамбыл облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы. 

ИП и ОСМС: что важно знать про
взносы и льготы?

Индивидуаль­ным предприни­мателям важно помнить о регулярной уп­лате взносов на ОСМС, чтобы сохранить статус, который дает доступ к качественной медицинской помощи. В Фонде социального меди­цинского страхо­вания разъяснили, как правильно и удобно платить взносы в 2025 году.
Сколько и как платить?
Индивидуальные пред­­приниматели и лица, занимающиеся частной прак­тикой, наряду с другими социаль­ными платежами платят фиксирован­ный взнос на ОСМС – 5% от 1,4-кратного размера МЗП, то есть 5 950 тенге в 2025 году.
Если есть наемные работ­­­ни­ки, нуж­но платить за них допол­­ни­тельно: отчис­­ления – 3% от их дохода (но не больше 25 500 тенге) за счет работо­дателя, и взносы – 2% (до 17 000 тенге) – из дохода работников.
Если пред­­­прини­­­ма­тель однов­ремен­­но работает по найму, он платит взносы и как ИП, и как работник. При этом некоторые категории освобож­даются от взносов – например, ИП с официаль­но приос­­­танов­­ленной деятельнос­тью, лица с ин­валид­ностью, пен­­сионеры, многодетные мат­ери с награ­дами и очно обучаю­­­щиеся студенты. Женщины в декрете с актив­ным ИП должны платить взносы, ес­ли не оформили приос­тановку деятель­ности.
Почему важно платить вовремя.
Взносы можно платить ежемесячно или сразу за несколько месяцев вперед. Просрочка ведет к задолженности и пени, а также к потере статуса в системе ОСМС.
«Обязательная уплата взносов – гарантия доступа к качествен­ной медпомощи для всех. Ин­дивидуальные пред­прини­матели должны соблюдать это, чтобы иметь право на бесплатное лечение», – пояснила директор Жамбылс­кого филиала Фонда ОСМС Гайни Аймаганбетова.
Отказаться от уплаты нельзя, даже если ИП лечится в частных клиниках – ОСМС покрывает услуги и в государственных, и в частных учреждениях. Если ИП закрыл деятельность, он прек­ра­щает платить как предприниматель, но может сохранять страховой статус, уплачивая взносы самостоятельно или через работодателя.
Произвести платежи (взносы и отчисления) можно через банки второго уровня, их мобильные приложения и кассы АО «Казпочта» с кодами 122 и 121.
Важно также указывать правильные данные – ИИН, ФИО и сумму.

Филиал НАО «Фонд социального медицинского страхования» по Жамбылской области.

Поделиться ссылкой: