Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген сөзді ерекше атап өткен болатын. Осыған орай, өткен аптада Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп, әділ қоғам» атты аудандық форум өтті.
Бұл басқосу қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – заңның үстемдігін қамтамасыз ету, әділдікті орнату және қоғамдық тәртіпті сақтау жайын кеңінен талқылауға арналды.
Форум жұмысына аудан ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар және колледж білім алушылары қатысты. Ардагерлер қауымы өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас буынға өнеге боларлық тағылымды ойларын жеткізді.
Форумда тәртіпті сақтау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана міндеті емес, әрбір тұрғынның азаматтық борышы екендігі айтылды. «Әділ қоғамды бірге құрайық» деген үндеу жиынның негізгі өзегіне айналды.
Іс-шара соңында ардагерлер жастарды қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге, әділдік пен бірлікті басты құндылық ретінде ұстануға шақырды. Ал жастар қауымы ардагерлердің өнегелі сөздері мен ақыл-кеңестерін қолдап, белсенділік танытты.
Форум аясында айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлер алдағы уақытта аудан көлемінде құқықтық мәдениетті арттыруға, әділ қоғам құруға бағытталған нақты шаралар жоспарына енгізілмек.
Өз тілшіміз.