Қоғамдық қабылдау өткізді
39 ViewsӨткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға тұрғындар жайылымдық жер, баспана, көгілдір отын тарту, ауылішілік көше…
2025 жылдың 6 қазанында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданында аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинары болып өтті.
Семинарға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудандық жергілікті полиция қызметінің өкілі, аудандық прокуратура өкілі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өтті.
Семинар-тренингтің мақсаты – сайлауды ұйымдастырудағы теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқу-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы ашып, оқыту-семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті.
Оқыту-семинар үш бөлімге бөлінді. 1-ші бөлім түске дейінгі топ викториналық сұрақтарға жауап беріп, кейстерге талдаулар жүргізу.
2-ші бөлім Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қысқаша дәріс оқып, болған жағдаяттарға байланысты кейстік жұмыстар жүргізу.
3-ші бөлімде оқылған тақырыптарды бекітуге бағытталған тест сұрақтары мен кері байланыс сауалнамасын жүргізу.
Семинардың бағдарламасына сәйкес, учаскелік сайлау комиссия мүшелері 14 топқа бөлініп викториналық сұрақтарға жауап беріп, біліктілігі және жүйріктігімен жарысқа түсті.
Бөлінген топтарға кейстік сұрақтар беріліп, топ арасынан лидерлер жауап беріп, облыстық сайлау комиссия мүшелерімен талқылап отырды.
Семинардың екінші бөліміне сәйкес, облыстық сайлау комиссия мүшелері «Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері», «Сайлау науқандарын ақпараттық сүйемелдеу, үгіт, ұлттық байқау мәселелері және әлеуметтік желілерді әкімшілендіру», «Сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі: алдыңғы науқандарды өткізудің кейбір мәселелері, дағдарысқа қарсы коммуникациялар, кейстік жағдаяттарды шешу», «Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында және өзге де заңдарда қаралған жауапкершіліктер» тақырыптарында қысқа дәрістер оқып, сайлау науқаны кезеңдері мен дауыс беру процесі кезінде туындайтын кейстік жағдайларды қатысушылармен талқылады.
Бағдарламаның үшінші бөлімінде барлық оқылған тақырыптарды практикалық жағынан бекітіп, тест пен сауалнама алынды.
«Құлан таңы» ақпарат.