Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі
35 ViewsӨткен жұмада Тереңөзек ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» деген тақырыпта семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – балалар бойына халықтың дәстүр танымындағы өсиеттерді…
Өткен жұмада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең ұғындыру, педагогтерге әдістемелік-рухани қолдау көрсету, сондай-ақ, Абайдың адамгершілік-танымдық идеяларын қазіргі білім мен тәрбие жүйесімен сабақтастыру мақсатында әдеби-танымдық кездесу өтті.
Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі ахметтанушы, ғалым Өмірхан Әбдиманұлы арнайы шақырылып, дәріс оқыды.
Ғалым өз баяндамасында Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен талдап, ақынның философиялық ой-тұжырымдарын, тәрбиелік мәні зор өлеңдері мен қара сөздерін қазіргі жас ұрпақ тәрбиесіне тиімді қолданудың жолдарын атап өтті. Сонымен қатар Абай ілімінің ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртудағы маңызына ерекше тоқталды.
Кездесуге аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында ұстаздар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, еркін пікір алмасу алаңына ұласты.
Қатысушылар аталмыш танымдық кездесудің тағылымды өткенін айтып, ұйымдастырушылар мен дәріскерге өз ризашылықтарын білдірді.
Ақжарқын Мұратбекқызы.