Отбасы институтын нығайту мақсатында кездесулер өткізілді

176 Views

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында іс-шаралар өткізді. Жоба шеңберінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан көлемінде 5 кездесу өткізілді. Кездесулер барысында отбасындағы қарым-қатынасты заң аясында реттеу, жасөспірімдерге құқықтық білім беру, ұлттық тәрбие мен отбасы институтының маңызын түсіндіру мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл кездесулер Луговой, Құлан, Құмарық, Көкдөнен және Көгершін ауылдық округтерінде білікті заңгерлер мен психолог мамандардың қатысуымен өтті. Өткізілген іс-шаралар отбасы институтын нығайтуға, қоғамдық сананы жаңғыртуға және жастардың тәрбиелік деңгейін арттыруға айрықша ықпал етті. Жоба аясында жүзеге асырылған кездесулер Т.Рысқұлов ауданында отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталды. Кездесулер мен тренингтер арқылы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы артты, отбасылық бірлік пен татулықтың маңызын айқындай түсті. Қоғамдағы отбасы тәрбиесі мен ұлттық мұраны сақтау секілді өзекті тақырыптар кеңінен қозғалды. Жоба өз мақсатына жетіп, аудан тұрғындарының әлеуметтік белсенділігі артуына оң ықпал етті.

Айдана Бекмырза,
«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 

Поделиться ссылкой: