Ертегі еліктіре ертеді

91 Views

Жақында Каменка ауылындағы  «Күншуақ» бөбекжай-бақ­ша­сында аудандық аналар кеңесінің қол­дауымен  «Ертегі  еліктіре  ертеді» деген тақырыпта іс-шара өтті.  Іс-шараның мақсаты –  «Адал азамат – бір­тұтас тәрбие»  ұстанымдарына сәй­кес, адамгершілік, еңбекқорлық қа­сиет­­терді  бала бойына сіңіру, қазақ  ха­лық ертегілері арқылы жас ұрпақтың құн­ды­лықтарға  деген қызығушылығын арт­тыру. Сондай-ақ, ертегілерді жаңа форматта  орын­дау арқылы тәрбиеленушілердің бойын­да шығармашылық, еңбекқорлық, адал­дық  қабілетті дамыту.  Шара кіш­кентай бүлдіршін қыздардың  «Ерте­гі­­лер» әнімен  ашылды.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті – халқымыздың даналығы мен өмір тәжіри­бесін ұрпақтан-ұрпаққа жет­кізетін асыл қазынасы. Іс-шарада  «Құмырсқалар  мен  аралар қиыспас дос» – ертегісі сахналанды. Бұл ер­те­гіні  сахналау арқылы балалар жал­қау­лық пен еңбекқорлық, батылдық пен мейірімділік, жанашырлық сияқты қасиет­терді  көрсетті. Ертегі арқылы бала­лар еңбекқор болуға, дос  болуға  және өзгеге  көмектесудің  маңызын ұғын­ды.

Ұлттық  құндылықтарға  негізделген  жоба­лық  нұсқада  «Алжапқыш театры» ата-аналарды  бірлесе  отырып,  қазақ ертегі­лерін тәрбиеленушілер жүзеге асыр­ды. Бұл ертегі арқылы балалар бір­лік, мейірімділік, адалдық, үлкенге құр­мет, кішіге ізет сияқты асыл қасиет­терді ұғынды.  Тәрбиешілер мен  тәрбиеленушілер ара­сын­да бір-біріне деген мейірім­ді­­­лікті, әдемілікті, қамқорлықты се­­­зіну мақсатында «Көбелек» биін би­­­­­леді. «Жұлдыз» ересек тобының бүл­­­діршін­дері  ысқырғыш аспаппен    «Тор­­ғай» әнін орындады. «Еркемай» тобының бүлдіршіндері «Аспаптар» әнін  ұлттық аспаптармен орындады. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін бимен, әнмен жалғастырды. Тәрбиеші Н.Салық­баева Мұхтар Шахановтың «Арман» поэмасын оқыды.

Іс-шараға қатысқан аудандық аналар кеңесінің мүшелері сөз сөйлеп, шараның өте сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті.

  Бақыт Мырзалиева,

аудандық аналар кеңесінің мүшесі.

Поделиться ссылкой: