Аудан прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Қауіпсіз жол» жобасын жүзеге асыруда

236 Views

Жол-көлік   оқиғаларының   ал­дын  алу,  азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – құқық қор­ғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

 Осы орайда аудан прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз жол» жобасын іске асыруда.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақаттану деректерін азайту, сондай-ақ, аудан аумағындағы автожолдарда қауіпсіздікті арттыру.
Осыған байланысты аудан прокура­турасының тапсырмасы негізінде аудан­дық полиция бөлімі ауданға қарасты республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап айт­қанда, жол қозғалысы ережелерін бұзу­дың алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсін­діру жұмыстарын күшейту, көлік құрал­дарының техникалық жағдайын тексеру, жыл­дамдық режимі мен мас күйінде көлік басқару деректерін анықтауға бағыт­талған рейдтер өткізілуде.

Аудан прокуратурасы мен поли­ция бөлімі алдағы уақытта да жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағы­тындағы жұмыстарды жүйелі түрде жал­ғастырып, тұрғындарды жол қоз­ға­лысы ережелерін қатаң сақтауға ша­қырады.

Өз тілшіміз.

Поделиться ссылкой: