Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі «бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу» орталығының ұйымдастыруымен «Жыл үздік спорт нұсқаушысы – 2025» атты салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға «Жыл үздігі – 2025» республикалық премиясында «Үздік ауылдық округтің спорт нұсқаушысы» номинациясында топ жарған Құмарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Сержан Төлешұлы, Құмарық ауылдық округінің әкімі Болат Шәкіртұлы арнайы шақырылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ауданымыздың «Жыл үздігі – 2025» салтанатты іс-шарасында Тереңөзек ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Райлан Сейтбеков жүлделі І орынды иеленді. Ал, Көкдөнен ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Аятилда Кулманов жүлделі ІІ орынды еншіледі. Қорағаты ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Асхат Мектепбаев жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Аталған ауылдық округтердің де әкімдеріне марапаттар табыс етілді. Жүлделі болған спорт нұсқаушыларға арнайы диплом, медаль, кубоктар берілді.
«Құлан таңы» ақпарат.