Бас шыршаның шамы жағылды

62 Views

Бас шыршаның шамы жағылды

Өткен аптада ауданымызда бас шыршаны жағу салтанаты өтті. Дәстүрлі мерекеге айналған шырша жағу салтанатына тұрғындар мен мекеме қызметкерлері қатысып, Жаңа жылдық атмосфераны сезінді.
    Аудан орталығына орнатылған сәнді шыршаны жағу құрметіне жас былғары қолғап шебері, бокстан Йордания мемлекетінің Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль еншілеген Айдана Әбдікерім ие болды.
Жас спортшы салтанатты түрде шыршаны жаққан соң, жұртшылық түнгі аспанда көмкерілген   отшашудың   да   куәгері   болды.  Мэлс   Өзбеков   атындағы  аудандық  мәдениет үйінің көркемөнерпаздары жұртшылықтың көңілдерін көтеріп, әндер шырқады.

Тұрғындар да өз кезегінде ізгі лебіздерін білдіріп, келер жылы да еліміз үшін табысты жыл болсын деген ақжарма тілектерін жеткізді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий