Әже – көңілдің ажары Немере – өмірдің  Базары

74 Views

Жуырда Ақыртөбе ауылында отбасындағы дәстүр мен тәрбиенің шамшырағы, үлгі мен өнегенің таптырмас қазынасы әжелер мектебінің жұмысын жандандыра отырып, салт-дәстүрлер негізінде өскелең ұрпаққа ұлағатты тәрбие беріп, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеу мақсатында   «Әже көңілдің ажары – немере өмірдің базары»  атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Айтулы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйі, Ақыртөбе орта мектебі, «Аяулым» бөбекжай бақшасы мен «Бола­шақ» балабақшасының ұжым­дары атсалысты.

Мерекелік кешті тамашалауға келген жергілікті ауыл тұрғындарымен қатар арнайы қонақтар аудандық ардагерлер  Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудан­дық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов пен аудандық аналар кеңе­сінің төрайымы Түзел Алагөзова және аймақтағы аналалар мен әкелер кеңесінің мүшелері қатысты.

Іс-шара негізінен төрт бөлімнен құралған.  Алғашқы бөлімде қонақтарды домбыра ансамблінің орындауындағы әсем күймен қарсы алып, қолөнер бұйымдарымен таныстырса, екінші бөлімінде Ақыртөбе орта мектебінің ұжымы кеусен, сірге дәстүрі бойынша қонақтарға түрлі дәм ұсынды.

Кештің негізгі бөлімінде жоғарыда аталған төрт мекеме ұжымдарының бірлесіп ұсынған концерттік бағдар­ламасы көрерменнің көңілінен шы­ғып, өнерпаздар зор қошеметке ие болды. Сондай-ақ, кеш соңында осы іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқан бірқатар азаматтар аудандық аналар кеңесі ұйымының және ауылдық округ әкімдігінің алғыс хаттарымен  марапатталды. Айта кетейік, былтыр Ақыртөбе ауылы «Үлгілі ауыл» атанған болатын. Осы іс-шарада  Ақыртөбенің «Үлгілі ауылға» лайықты екеніне көз жеткіздік.

 Бақыт Мырзалиева, аудандық аналар кеңесінің мүшесі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий