Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
63 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» педагогтарының ұйымдастыруымен «Жаңа жыл – 2026» мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шара №6 мектеп-лицейінің акт залында ұйымдастырылып, оған кабинет қызметкерлері, ерекше білімді қажет ететін балалар, ата-аналар мен демеушілер қатысты.
Шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Кеш барысында балалар Аяз ата мен Ақшақармен кездесіп, түрлі қызықты ойындарға қатысты, ән мен би орындады.
Мереке соңында демеушілердің қолдауымен 197 балаға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар таратылып, балғындарға ұмытылмас қуаныш сыйланды. Ата-аналар тарапынан алғыс сөздер айтылып, ұжымның еңбегіне ризашылық білдірілді.
Айта кетейік, барлық сыйлықтар демеушілер есебінен алынды. Жүректері кең, ниеттері таза жандарға ерекше алғыс білдіреміз.
«Құлан медиа» ақпарат.