Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
27 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
ШӨҢГЕР ауылында жаңа су имараты іске қосылды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Құлан ауылдық округіне қарасты Шөңгер ауылында да жаңа су имараты пайдалануға берілді.
Шарапаты мол шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек пен ауыл тұрғындары қатысты. Мереке қарсаңында іске қосылған бұл нысан ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Жаңа ауыз су имараты барлық техникалық талаптарға сай жабдықталып, тіршілік нәрін әр аулаға үздіксіз әрі қауіпсіз жеткізуге мүмкіндігі бар. Аталмыш жобаның құрылысымен «Темір Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысқан. Жобаның жалпы құны – 486,5 миллион теңге.
Аталмыш елдімекенде бүгінде 230-ға жуық адам тұрады. Бұл ауыл үшін жаңа су имаратының іске қосылуы жергілікті халықтың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, санитарлық жағдайдың жақсаруына айтарлықтай ықпал ететіні айдан анық.
Бұл игі істің жүзеге асқанына ауыл халқы дән риза. Өз кезегінде ауыл жұртшылығы да атқарылған жұмысқа ризашылығын білдіріп, жаңа нысан ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет етеді деген сенім білдірді.
«Құлан медиа» ақпарат.