Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңесте аудан үшін маңызды бірнеше өзекті мәселе жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ағымдағы оқу жылының ІІІ тоқсанына дайындық барысы, сондай-ақ, облыс әкімінің аудан тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Самылтыров баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында аудандағы 39 мектептің 9-ы мамандандырылған күзет қызметімен және турникетпен қамтылған. Сонымен қатар 30 мектеп дабыл түймелерімен жабдықталып, аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына интеграцияланған.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерде 544 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 300-і ғимарат ішінде, 244-і сыртқы аумақта орналасқан. Камералардың 270-і цифрлық, ал 274-і аналогтық жүйеде жұмыс істейді.
Баяндаманы мұқият тыңдаған аудан басшысы Ернар Серікәліұлы рейдтік шаралардың санын арттыруды, сондай-ақ, тиісті сала басшыларына дабыл түймелері мен бейнебақылау камераларының жұмысын зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар балалардың санасында дұрыс құндылықтар қалыптастыру мақсатында аудандық кинотеатрда мазмұны мен сапасы жоғары фильмдерді көрсету қажеттігін атап өтті.
Жиында Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назардан тыс қалмай, оларды іс-шаралар жоспарына енгізу және тиісті деңгейде орындау қажеттігі айтылды.
Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Нұрғалиев баяндама жасап, хаттамаға енгізілген тұрғындар өтініштерін тізбектеп таныстырды.
Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелерді жеке-жеке талқылап, олардың уақтылы әрі сапалы орындалуы басты назарда болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.