Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
59 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Президент Жарлығына сәйкес, жылдың алғашқы кездесуін Ақниет ауылдық округі тұрғындарымен өткізіп, онда ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндады.
Жалпы өткен жылы ауданда ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішінде аталған округке бюджеттен 549,4 миллион теңге бөлініп, көше жарығы мен жаяу жүргіншілер жолы салынды, сондай-ақ, жоба құны 527,9 миллион теңге болатын «Құмарық-Юбилейный» жолының 8 шақырымы толық жөндеуден өтті.
Кездесуде аудан басшысына тұрғындар тарапынан көтерілген медицина сапасын арттыру, тұрақты дәрігермен қамту, ауылшаруашылығын қолдау және қоқыс полигонын тазалау мәселелері тақыланып, тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар жиын соңында Ернар Есіркепов халыққа жаңа Конституция жобасын таныстырып, реформаның маңыздылығы мен ел дамуына тигізер әсерін түсіндірді.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.