Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
59 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Өткен аптада аудандық «Достық» үйінде Конституциялық реформаларды түсіндіру мақсатында аудан әкімі Ернар Есіркепов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырулар, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Аудан әкімі бұл реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту екенін атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.