Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
55 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Қазіргі таңда автокөлік адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда көлікті пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамау түрлі төтенше жағдайларға, соның ішінде өрттің шығуына әкелуі мүмкін. Автокөліктегі өрт – адам өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төндіретін жағдай. Сондықтан оның алдын алу шараларын білу өте маңызды.
Өрттің шығу себептері
Автокөлікте өрттің шығуына бірнеше негізгі себептер бар. Ең жиі кездесетіні – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Уақыт өте келе сымдардың тозуы немесе дұрыс орнатылмауы өрт қаупін арттырады. Сонымен қатар жанармай жүйесіндегі ақаулар, қозғалтқыштың қатты қызып кетуі, майдың немесе жанармайдың ағуы да өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Кей жағдайларда жүргізушінің салғырттығы. Мысалы көлікте ашық отты пайдалану немесе темекі тұқылын абайсыз тастау да қауіпті жағдай туғызады.
Өрттің алдын алу шаралары
– Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыру қажет. Электр жүйесін, жанармай құбырларын және қозғалтқышты уақтылы жөндеу; – өрттің алдын алудың басты жолы. Көлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуы міндетті. Әрі жүргізуші оны қалай қолдану керектігін білуі тиіс. Сонымен қатар автокөлікте жанғыш заттарды сақтауға болмайды.
Өрт шыққан жағдайда не істеу керек:
– егер көлікте өрт шықса, ең алдымен сабыр сақтап, қозғалтқышты өшіріп, адамдарды көліктен тез арада қауіпсіз жерге шығару қажет;
– өрт сөндіргіш болса, отты сөндіруге әрекет жасауға болады. Алайда қауіп күшейсе, дереу құтқару қызметіне хабарласқан жөн. Ешқашан жанармай багының қақпағын ашуға немесе отқа су құюға болмайды. Себебі бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін.
Қорытынды. Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы көптеген төтенше жағдайлардың алдын алуға болады. Өз өміріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін автокөлікті дұрыс пайдаланып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаған жөн. Өрт шыққан жағдайда «101» немесе «112» хабарласыңыз.
Аудандық Төтенше
жағдайлар бөлімі.