Мұқағали рухына тағзым

160 Views

Апта басында аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атты сахналық-сазды қойылым өтті.
Тағылымды кештің басты мақсаты – ұлт поэзиясының алыбы Мұқағали мұрасын насихаттап, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту. Қойылым барысында ақынның жүрек тербетер өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Сахналық көріністер арқылы Мұқағалидың өмір жолы мен шығармашылық әлемі көрерменге әсерлі түрде ұсынылды.
Шараға аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, оқушылар мен өнерсүйер қауым қатысты. Көрермендер қойылымнан ерекше рухани әсер алып, ақын шығармашылығына тағы бір мәрте тағзым етті. Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары ұйымдастырған ілкімді іс-шара да Мұқағали образын – Тұңғышбай Сәдуақас сомдады.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: