Қазақ поэзиясының Кербұғысы

105 Views

Құмарық ауылдық мәдениет үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай
«Мұқағали – жүрекпен оқы» атты әдеби-арт кеші өтті.
Кеш барысында ақын­ның сырлы да мұң­лы,
өр­шіл де өшпес өлеңдері оқы­лып,
сахна­лық қойылым­дар, поэзия­лық композиция­лар,
ән мен бейнеүзінділер ар­қылы
Мұқағали әлемі­не рухани саяхат жасалды.
Кеш барысында «Әжелер» ансамб­лі«Есіңе мені алғайсың» әнін орындады.
«Балауса» би тобы мың бұралып, нәзік қимылымен көрермендерді тәнті етті.
«Жетімдер үні» сахналық көрінісі де көрермендерге жақсы көңіл сыйлады. Айжан Сұлтанғалиева «Аңса жаным» әнін келісті орындады. Оқушылар ақынның поэзиясынан өлең шумақтарын оқыды.
Өнер мен поэзия тоғысқан бұл сәттер
көрермен жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.

 Қымбат Саймұратова, Құмарық ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі.

Поделиться ссылкой: