Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
26 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
11 ақпанда күн суып, қар жауған еді. Ауған соғысының ардагерлерімен осы күні әңгімелестім. Кезекті кейіпкерім Мұрат Таклышевтан сұхбат алып болған кезде кабинетке аудандық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Жанат Ноғайбаев, Ауған соғысының ардагерлері Манарбек Тілепов, Бейсенбай Кокушев, Еркебұлан Атабаев келіп, отты жылдардағы қилы кезеңдерді айтып, сыр тарқасты. Мына сурет осы сәтте түсірілді. Редакцияға келген ардагер ағалардан да сұрап білдік. Олар да Ауған жеріндегі соғыс көптеген адамның өмірін қиғанын айтады. Жас ұрпақ «Бұндай зобалаң жылдарды бастан өткермесе екен» дейді. Редакцияға келген осы ағалардың ішінде Манарбек Тілепов «Қызыл Жұлдыз» орденін, ал Бейсенбай Кокушев пен Жанат Ноғайбаев «За боевые заслуги», Еркебұлан Атабаев «За отвагу» медалін кеудесіне таққан.
Жалпы ауданымызда тұратын Ауған соғысы ардагерлерінің саны – 48. Майдан шебінде көбісі жараланып, зақым да алған. Соғыста өмірден озғандары да бар. Осы 48 ардагердің 2-еуі, яғни Манарбек Тілепов пен Махмұд Ноқатбаев «Қызыл Жұлдыз» орденін кеудесіне тақса, 26 ардагер «За отвагу», 18 ардагер «За боевые заслуги» медальдарын иеленген. Қазір олар елде бейтібшілік болғанын қалайды. «Осы береке мен татулықтың арқасында еліміз одан әрі дами түседі» дейді ардагер ағалар.
Марат Диханбай.