Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
58 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
58 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
55 ViewsҰстаздың ұлылығы – өзі үйреткен ш ә к і р т т е р і н і ң с а н ы м ен…
50 ViewsТілші тәрбиелеген ҰСТАЗ Адам баласы айналасынан нәр алады емес пе? Басқаны қайдам, мен де дәл солай. Кейде жанымда жүрген жандардан бағыт-бағдар алып, ұстанған өмірлік…
43 ViewsХалық денсаулығы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қоғамның тұрақты дамуы үшін адамдардың қауіпсіз өмір сүруі, сапалы ауыз сумен және тағаммен қамтамасыз етілуі,…
55 ViewsКітап – адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған рухани тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес қазына. Ол – білімнің кәусар бұлағы ғана емес, адамның ой-санасын қалыптастырып,…
Ел Президенті кезекті Жолдауында 2026 жыл Парламенттік реформалармен есте қалатындығын атап өткен болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Сыр елінде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында: Біз Ата заңның Преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтап, қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек. Онда қазақ жеріндегі өркениет пен мемлекеттіліктің тарихы терең екені нақты көрініс табуға тиіс», деп нақтылап өтті.

Осыған сәйкес, қазан айында Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылып, күні кеше құзыретті құрылым Жаңа Конституцияның жобасын ұсынды. Ел болашағына қатысты маңызды құжаттың жобасын қолдауға байланысты облыстық әкімдікте жиын өтті.
Жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Конституциялық реформа жобасы ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатындығын атап өтті.
– Күні кеше еліміздің жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айшықтайтын тарихи құжат. Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін жаңғырту бастамасынан туындаған қадам. Соның аясында ауқымды жұмыс атқарылды. Нәтижесінде Ата Заңымыздың Преамбуласынан бастап, негізгі бөлімдеріне дейін тұжырымдамалық өзгерістер енгізіліп отыр, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Басқосуда облыстық мәслихаттың төрағасы, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Абдалы Нұралиев пен облыстық Қоғамдық кеңестік мүшесі Батырбек Құлекеев Конституция жобасындағы құқықтық өзгерістерге тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдірді.
Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар тарапынан ашық ойлар мен ұсыныс-пікірлер айтылды. Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады.
