ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

79 Views

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Желдің күшеюі туралы ескерту алған жағдайда ықтимал қауіптің алдын алу үшін төмендегі сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.
Дауыл басталғанға дейін:
1. Барлық есіктер мен терезелерді мықтап жауып, бекітіңіз.
2. Су, азық-түлік, дәрі-дәрмек, фонарь, шам, радиоқабылдағыш, құжаттар мен қолма-қол ақшаны алдын ала дайындаңыз.
3. Газ бен электр қуатын өшіріңіз.
4. Балкондардан, ал жеке үйлерде ауладан жел ұшырып әкетуі мүмкін заттарды алып тастаңыз.
5. Жеке тұрғын үйлерде үйдің ең берік әрі қауіпсіз бөлігіне орналасқан жөн.
Қатты жел кезінде сыртта болсаңыз:
1. Ғимараттардан, ағаштардан, электр желілерінен, бағандардан, билбордтар мен жеңіл құрылыстардан алыс болыңыз.
2. Көпірлерде, өткелдерде, эстакадаларда, сондай-ақ, тез тұтанатын немесе улы заттар сақталатын аумақтарда болмаңыз.
3. Үй шатырларына немесе биік орындарға көтерілуге қатаң тыйым салынады.
4. Егер көлікпен келе жатсаңыз, қауіпсіз жерге тоқтап, көліктен шықпай, есіктері мен терезелерін мықтап жабыңыз.
5. Қыс мезгілінде боран кезінде қозғалтқыштың радиатор жағын желден қорғаңыз.
6. Ашық немесе биік жерде қалып қойған жағдайда желдің әсері аз болатын паналы жерге қарай еңкейіп немесе жорғалап қозғалыңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 101 немесе 112 бірыңғай құтқару қызметіне хабарласыңыз.
Өз қауіпсіздігіңізге бейжай қарамаңыз!
«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой: