Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
56 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған ерекше мерекелік кеш өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Ернар Есіркепов нәзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.
Бұл кештің ерекшелігі – сахна төріне әдеттегідей мәдениет үйінің өнерпаздары емес, аудандық әкімдікке қарасты бөлімдер мен мекемелердің, сондай-ақ, ауылдық округтердің басшылары шығып, өнер көрсетті. Олардың қатарында аудан әкімінің орынбасары мен аудан әкімі аппаратының басшысы да болып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әзіл мен әуенге, ықылас пен ілтипатқа толы кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, нәзік жандыларға арналған шынайы құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
«Құлан медиа» ақпарат.