Сот сотталушыға қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады
Сот сотталушыға қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады
Тұрар Рысқұлов аудандық соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру фактісі бойынша А-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 108-1-бабы 1-бөлігі.
Сотпен анықталғаны:
Сотталушы А. 2026 жылы 18 ақпан сағат 15:00 шамасында Құлан ауылы, Панфилов көшесінде №4 үй 15 пәтердің ішінде азаматтық некедегі жұбайы жәбірленуші М. сөз арасындағы түсініспеушілікті себеп қылып, соққыны мұрнының үстіңгі тұсынан жұдырығымен бір рет ұрып бастың басқа бөліктерінің үстірт жарақаты түріндегі жарақатын салып, қасақана денсаулығына «жеңіл» дәрежеде зиян келтірген.
А.-нің кінәсі іске қатысушылардың айғақтарымен, медициналық қорытындымен және істің басқа да материалдарымен расталды.
Тараптардың позициясы
Прокурор сотталушыны 20 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімі
ҚК 108-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаны көздейді.
Сот сотталушының кінәсін мойындауын және оның оң қырынан сипатталуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен А. ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.
«Құлан таңы» ақпарат.
