Ұрлық жасап, 3 жылға сотталды
Ұрлық жасап, 3 жылға сотталды
Тұрар Рысқұлов аудандық соты заңсыз кiрумен жасалған ұрлық фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3 тармағы).
Сотпен анықталғаны:
Сотталушы М. 2026 жылы 3 ақпанда сағат 11:30 шамасында Көгершін ауылы, Н.Бигазиев көшесі №16 үйге заңсыз түрде кіріп, жәбірленушіге тиесілі құны 150 000 теңге тұратын 585 пробалы алтын алқа, құны 300 000 теңге тұратын 585 пробалы жұптық сырға және 585 пробалы жұпсыз бір дана сырға, құны 10 000 теңге тұратын күміс білезік, құны 15 000 теңге тұратын күміс кулон мен құны 5 000 теңге тұратын күміс сақинаны жасырын түрде ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кетіп қалған.
Жәбірленушіге жалпы құны 480 000 теңге материалдық залал келтірген.
М.-нің кінәсі іске қатысушылардың айғақтарымен, үйден алынған саусақтарының іздеріменен және істің басқа да материалдарымен расталды.
Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімі:
ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сот сотталушының кінәсін мойындауын, оның оң қырынан сипатталуын, жәбірленушіге келтірген залалды толтырғанын және жәбірленуші оны кешіргенін ескеріп, жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен М. 188-бабы 3-бөлігінің 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.
«Құлан таңы» ақпарат.
