Мықты мұғалім әрқашан мектептің тірегі
44 ViewsБарлық балада талап бар. Яғни, оқушының бәрі бірдей. «Жаман оқитын, я оқымайтын» деп бөлуге болмайды біздіңше. Оқушы оқымаса, жауапты оқыта алмайтын мұғалім өзінен іздеуі…
Тазалық – өзімізден басталады
Аудан аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен көктемгі абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бастама аясында аудан орталығындағы «Дендро саябақта» ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына аудан әкімі мен орынбасарлары, ауыл шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері мен жастар белсенді қатысып, саябақ аумағын қураған бұтақтардан және қоқыстан толық тазартты. Нәтижесінде «Дендро саябақтан» 25 тонна түрлі қалдық шығарылды. Сонымен қатар ауданның басты көшелері де ретке келтіріліп, әр мекеме қызметкерлері мен жергілікті кәсіпкерлер өздеріне белгіленген аумақтарды тазалауға бір кісідей атсалысты. Мұндай шаралардың басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға үндеу және туған жерді көркейтуге бірге үлес қосу болып табылады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл игі жұмыстар алдағы уақытта да аудан көлемінде тұрақты жалғасын таппақ.
«Құлан медиа» ақпарат.