Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ құрамын құру туралы

1 142 Views

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ құрамын құру туралы

Т.Рысқұлов аудандық мәслихат хатшысы Т.Жаманбаевтың өкімімен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкесҚоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ төмендегі құрамда құрылсын:

Т.Жаманбаев – Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының хатшысы, жұмысшы топ төрағасы.

 Ж.Ноғайбаев – Т.Рысқұлов аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмысшы топ хатшысы.

Жұмысшы топ мүшелері:

Қ.Бижанов – «ҚР Ардагерлер ұйымы» аудандық қоғамдық бірлестігнің төрағасы, Л.Левицкая – орыс этномәдени орталығының жетекшісі, Е.Бекенов – «Қазақстан фермерлер одағы» Жамбыл облыстық филиалының Т.Рысқұлов аудандық фермерлер одағының төрағасы, С.Аденова – аудандық аналар кеңесінің төрайымы, М.Қазбеков – зейнеткер.  

Поделиться ссылкой: