Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
15 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Аудан әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады
Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов жұмыс сапарымен өңірдегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс және жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі алдымен 120 орындық Малдыбай орта мектебіне барды.
Аудан басшысы құрылыс сапасына, білім беру нысанын заманауи талаптарға сай жабдықтауға, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріп, құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді жуық арада жою қажеттігін тапсырды. Айта кетейік аудан әкімі ауыл тұрғындарының өтініші негізінде мектепке дейін жол салып, оны жарықтандыру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұдан бөлек, іссапар барысында Ернар Серікәліұлы Құмарық ауылындағы емдеу мекемесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысы да назарға алынды. Аталған нысан тұрғындарды, әсіресе жастарды бұқаралық спортқа тарту және оларды заманауи ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында бой көтеруде. Осыған ұқсас құрылыс жұмыстары Қарақат ауылындағы №2 шағын орталықты орта мектепте де жүргізілуде. Аудан басшысы мектепке жапсарлас салынып жатқан спорт залдың құрылысын тексерді. Бұл жоба оқушылардың дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан елді мекенін абаттандыру және тарихи орындарды дамыту мәселелеріне де тоқталды. Осы бағытта Құлан қалашығын туристік әлеуеті жоғары нысан ретінде дамыту мақсатында жобалаушы компания өкілдерімен кездесу өткізді. Сапар соңында қант қызылшасы егілген алқапқа барып, агроөнеркәсіп саласында енгізіліп жатқан заманауи технологиялармен танысты.
Жәнібек Сұлтан.