Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті

15 Views

Өткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Анар Базарқұлова да қатысты.

№6 мектеп-гимназиясының директоры Мұратжан Мейманханов іс-шара алдында сөз сөйлеп, «Бір отбасы – бір тал» іс-шарасының мақсатын егжей-тегжейлі түсіндіріп айтып берді. Оның ішінде әсіресе мектеп ұжымы мен ата-аналардың арасындағы байланысты нығайту деген сөз бізге қатты ұнады. Қазір қоғамда неше түрлі жағдай болып жатқанын көріп жатырсыздар. Ұстаздық – ағартушылық қызмет. Барлығымыз ұстаздан сабақ алдық. Ұстаз ешнәрені жаман болсын деп айтпайды. Оны санасында сәулесі бар жандар жақсы түсінетін болар. Осы іс-шарадағы көріністен сондай ой түйдік.

Қазір әлеуметтік желі қолданушыларының барлығы шеттерінен көсем. Ақыл айтқанда алдарына жан салмайды. Бірақ өздеріне келгенде ісі басқа, сөзі басқа. Адам өзгелерге мін артпай, барлығын өзінен бастауы керек. «Мінеки, «Таза Қазақстан» акциясының басты миссиясы да осы.

№6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы аясында өткен «Бір отбасы – бір тал» іс-шарасына 84 ата-ана мен 144 оқушы қатысып, мектеп ауласына аққайың және қылқан жапырақты шырша ағаштарының көшеттерін отырғызды. Іс-шара соңында акцияға колдау көрсетіп, ағаш отырғызған ата-аналарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий