Тиісті шешімдер қабылданып, тапсырмалар жүктелді

18 Views

Өткен  жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 52-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Ернар Есіркепов, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты. Жиынға мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы төрағалық етті.

Күн тәртібінде «Т.Рысқұлов ауданының 2025 жылға бөлінген бюджетінің орындалуы туралы» аудан әкімдігі қаржы бөлімі басшысының есебі тыңдалды. Баяндамада аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарының орындалуы, трансферттердің игерілуі және бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы жөнінде мәліметтер берілді. Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы бас дәрігердің есебі тыңдалды. Онда аудан халқының денсаулық көрсеткіштері, медициналық ұйымдардың жұмысы, кадрмен қамту деңгейі және материалдық-техникалық базаны жаңарту бағытындағы шаралар баяндалды.

Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ауылдық елді мекендердегі медициналық пункттердің жағдайы, дәрі-дәрмекпен қамту және тұрғындардан түсетін өтініш-шағымдарға қатысты мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, сессияда «әртүрлі мәселелер» шеңберінде аудан әкімдігінің құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы бұрынғы шешімдерге өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жиын қорытындысында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

 «Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий