Аудан әкімінің төрағалығымен кеңес өтті

16 Views

Кеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен өткен кеңесте индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Кеңесте аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ляззат Сапарбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Жиын барысында өндіріс көлемін ұлғайту, инвестициялық ахуалды жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру, медициналық қызмет сапасын көтеріп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар салаларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, жастарды қолдау тетіктерін күшейту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдауды жетілдіру бағытындағы жұмыстар назарға алынды.

Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жауапты сала жетекшілеріне межеленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, әр бағыттағы жұмысты нақты нәтижемен үйлестіруді тапсырды.

 Жәнібек Сұлтан.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий