Отбасым – менің мақтанышым

31 Views

Отбасым – менің мақтанышым

Жақында  Тереңөзек ауылдық әкімдігінің жанынан құрылған аналар алқасының төрайымы Абдуалиева Нурбуби Сарсенқызының ұйымдастыруымен «Отбасым – менің мақтанышым» атты іс-шара өтті.

Іс-шараға аудандық ардагерлер  Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова, аудандық билер кеңесінің төрағасы Серік Сәлімбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов және ауылдық округтердің аналар кеңесінің төрайымдары, мүшелері, ауыл тұрғындары қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында отбасы құндылығына, тәлім-тәрбиеге сүйене отыра көрініс көрсетіліп, көтеріңкі ән шашуларын арнап, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетті. «Баян сұлу» бишілер ансамблінің орындауында «Қазақ биі», Байсариев Қайраттың орындауында «Ауылға барам» әні, «Әжелер» ансамблінің «Белеске» халық әні, Күләш Кобдикова, Айкөркем Иген, Айгерім Кенжеқұловалардың орындауындағы  әндерде көрерменнің көңілінен шықты. Іс-шара соңында ауыл ақсақалдарымен үлгілі отбасылар қатарындағы 3 отбасыға сөз беріліп, ауыл әкімі Қанат Төлеуұлының құттықтау тілектері айтылды. Сондай-ақ, өнер көрсеткен өнерпаздарға марапаттар мен Алғыс хат тапсырылды.

«Отбасым – менің мақтанышым» тақырыбында өткен мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Шара барысында отбасының қоғамдағы маңызы, ата-анаға деген құрмет, ұлттық құндылықтар мен сыйластық кеңінен насихатталды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін танытты. Мерекелік кеш баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік пен татулықты нығайтуға ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында отбасына деген құрметті арттырып, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

 Б.Мырзалиева,

аудандық аналар кеңесінің мүшесі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий