Пятница начинается с такого видео
21 ViewsПятница начинается с такого видео. Это наша Рухия Байдукенова и певец Чжан Хэ Сунань поют гимн музыкального проекта Silk Way Star на V форуме…
Таразда әйгілі дзюдошы,
Олимпиада чемпионы Елдос
Сметовтің өмір жолына
негізделген «Елдос Сметов.
Төзім. Сенім. Жеңіс» атты
кітаптың тұсаукесері өтті,
деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«Mart» ойын-сауық және
сауда орталығында өткен
салтанатты іс-шараға Жамбыл
облысы әкімінің орынбасары
Серік Сәлемов, облыстық
Ардагерлер кеңесінің
төрағасы Еркінбек Солтыбаев,
облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасының
басшысы Ернар Ибраимов
және спорт саңлағының қос
бапкері мен жанкүйерлері
қатысты.
«Фолиант» баспасынан 2 мың дана таралыммен жарық көрген кітап 3 бөлімнен тұрады. Жинақта Елдос Сметовтің өмір жолы, бағындырған белесі, көңілге түйген тұшымды ойлары көрініс тапқан. Сондай-ақ, көзі қарақты оқырман 240 беттен тұратын кітаптан Олимпиада чемпионының жарқын белдесу сәттерінің бейнежазбасын QR код арқылы тамашалай алады.
Жинақтың атауынан бастап мазмұнына дейін, тіпті мұқабасы да өскелең ұрпаққа үлкен қажыр-қайрат пен сенім күшін сыйлайды. Кітаптың тілі – оқуға жеңіл, есте сақтауға ыңғайлы.
«Ақ жол» ақпарат.