АУЫЛ АМАНАТЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

14 Views

Өткен аптада аудан әкімдігінде
«Ауыл аманаты» бағдарламасының
жаңа жүйесін түсіндіру мақсатында
кеңейтілген жиын өтті. Жиынға
аудан әкімінің міндетін уақытша
атқарушы Ерғазы Еспенов, бірқатар
бөлім басшылары, ауыл әкімдері
және аудан тұрғындары қатысты.

Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын
«Ауыл аманаты» жобасы аясында
кооперативтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі және ҚР Үкіметі
жанындағы Өңірлік саясат жөніндегі
жобалық кеңсенің Жамбыл облысы
бойынша өңірлік үйлестірушісі
Айман Тұрғанғазықызы мен «Тараз»
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
Несиелендіру департаментінің бас
маманы Нүржігіт Маукенов, облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасының
бас маманы Ақмарал Айнабекова
бастаған топ жүргізді. Олар тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап
берді.
Жиында жеңілдетілген несиеге қол
жеткізу мүмкіндіктері, оның шарттары,
қажетті құжаттар тізімі, бағдарламаның
мақсаты мен міндеттері жан-жақты
түсіндіріліп, тұрғындарға кеңестер
берілді. Сондай-ақ, кооператив құру, оның аясында техника мен төрт түлік
малға қол жеткізу мүмкіндіктері және
жобаның бесінші бағыты бойынша
кәсіп ашу жолдары кеңінен талқыланды.
«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий