ҚАРТТЫҚ ЖӘНЕ ИММУНИТЕТ: әлсіздікті қалай жеңуге болады?
Әлемде өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы қартаю мен иммунитет
арасындағы байланысты түсінудің маңыздылығын айқындауда. Қартаю
үдерісі иммундық жүйеге терең әсер етеді, бұл әртүрлі жұқпаларға
осалдықтың жоғарылауына, вакциналардың тиімділігінің төмендеуіне
және созылмалы аурулардың таралуының артуына әкеледі. Бұл мақалада
біз қартайған сайын иммундық қорғанысымыздың неліктен әлсірейтінін
және осы құбылыстың негізінде жатқан биологиялық механизмдерді
қарастырамыз.
Қартаю иммундық жүйенің туа
біткен және адаптивті түрлеріне
әсер етеді, нәтижесінде «иммундық
қартаю» деп аталатын құбылыс пайда
болады. Бұл термин қартайған сайын
иммундық жүйе қызметінің біртіндеп
нашарлауын сипаттайды, ол созылмалы
жеңіл қабынумен бірге жүреді. Осы
үдерістер ағзаның жұқпалармен күресу
және вакциналарға тиімді жауап беру
қабілетіне нұқсан келтіреді.Бірінші қатардағы қорғаныс рөлін
атқаратын туа біткен иммундық жүйе
жас ұлғая тиімділігін жоғалтады.
Қартаю макрофагтар, нейтрофилдер
және дендритті жасушалар сияқты
туа біткен иммундық жасушалардың
қызметінің төмендеуіне әкеледі, бұл
антигенді өңдеу және цитокин өндіру
үдерістерінің бұзылуында көрінеді.
Осындай өзгерістер өз кезегінде
олардың иммундық жүйенің басқа элементтерін тиімді белсендіру
қабілетін әлсіретеді. Сонымен қатар
егде жастағы адамдарда жұқпаларға
жауап беруде шешуші рөл атқаратын
нейтрофилдердің миграциясының
бұзылуы байқалады.
Аурудан ұзақ мерзімді қорғауға
жауап беретін бейімделген иммундық
жүйе жасқа байланысты айтарлықтай
өзгереді. Т-лимфоциттердің дамып-
жетілуіне жауапты тимус (айырша без,
адам мен жануарлардың иммундық
жүйесінің орталық мүшесі) қысқара
бастайды. Орта жасқа келгенде, ол
әлдеқайда нашар жұмыс істейді және
бұл ағзаға жаңа инфекциялармен
күресетін жаңа Т-лимфоциттерді
қалыптастыруға кедергі келтіреді.
Сонымен қатар жас ұлғайған сайын
Т-жасушаларының алуан түрлілігі
төмендейді және жаңа жасушалар
орнына жады жасушалары көбейеді.
Ал бұл өз кезегінде жаңа аурулармен
күресуді қиындатады.
А н т и д е н е л е р ө н д і р е т і н
В-лимфоциттер де нашар жұмыс істей
бастайды, сондықтан кәрі жастағы
адамдар вакцинацияға жиі әлсіз жауап
береді, өйткені олардың ағзасында
антиденелер аз синтезделеді.
Созылмалы, бірақ төмен дәрежелі
қабыну қартаюға тән белгі болып
табылады. Қабыну ағзаның инфекцияға
немесе жарақатқа қалыпты реакциясы
болғанымен, оның қарт адамдарда
тұрақты болуы тіндерге зиян келтіреді
және жүрек ауруы, қант диабеті және
бас миындағы проблемалар сияқты
ж а с қ а б а й л а н ы с т ы а у р у л а р д ы ң
ағымын қиындатады. Төмен дәрежелі
қабынудың себептері аутореактивті
Т — ж а с у ш а л а р ы , д и с б и о з ж ә н е
жасушалық қартаю сияқты факторларды
қамтиды. Қабыну медиаторларының
жоғарылауы аутоиммунды аурулардың
даму ықтималдығы мен тіндердің
қалпына келудегі мәселелерімен
байланысты.
Қ а р т а й ғ а н д а ж и і к е з д е с е т і н
аурулардың бірі Альцгеймер ауруы
(алжу – деменцияның бір түрі), яғни
ұмытшақтық синдромы. Альцгеймер
ауруы – деменцияның ең көп таралған
түрі. Деректер бойынша, Америка
Құрама Штаттарында деменция 6
миллионнан астам адамда кездеседі.
2060 жылға қарай ғалымдар АҚШ-та
жыл сайын 1 миллионға жуық ересектер
деменцияға шалдығатындығын айтады.
ҚАРТТЫҚ ЖӘНЕ ИММУНИТЕТ:
әлсіздікті қалай жеңуге болады?
(Соңы. Басы 1-бетте). «Бірақ адамдар симптомдардың
басталуын кешіктіру үшін немесе алдын
алу үшін жасай алатын нәрсе болуы
мүмкін», – дейді Гарвард медициналық
училищесінің жетекші ғалымы Жасмер
Чатвал бастаған зерттеушілер тобы.
Олар 50-ден 90 жасқа дейінгі 300-
ге жуық ересек адамды зерттеген.
Олар қатысушылардың күнделікті
қадамын есептеді, олардың ойлау
қабілеттерін, ой-саналарын тексеріп,
миын амилоидты бета іздестіру үшін
сканерледі, ол Альцгеймер ауруын
ертерек анықтайды. Тоғыз жыл ішінде
зерттеушілер жыл сайын танымдық
сынақтарды өткізіп, амилоидты
бета және тағы бір ақуызды өлшеу
үшін миды бірнеше рет сканерледі.
И м м у н д ы қ қ а р т а ю д ы қ а л п ы н а
келтіру мүмкін бе? Қартайған сайын
иммунитет әлсіресе де, иммундық
жүйені қолдаудың және ауру қаупін
азайтудың жолдары бар. Салауатты өмір
салты иммундық жүйенің жұмысын
қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Жемістерді, көкөністерді, дәнді
дақылдарды, майсыз ақуызды және
пайдалы майларды көп жеп, қантты,
өңделген тағамдарды және қаныққан
майларды тұтынуды шектеу арқылы
дұрыс тамақтану маңызды.
Тұрақты жаттығулар иммундық
жүйенің жұмысын жақсарта алады.
Дұрыс ұйқы, яғни жеткілікті ұйқы
(тәулігіне 7–8 сағат) маңызды, өйткені
ұйқының болмауы иммунитетті
ә л с і р е т е д і . Й о г а , м е д и т а ц и я ,
табиғатта серуендеу немесе жақын
адамдарыңызбен араласу сияқты
ә д і с т е р м е н с т р е с с т і а з а й т у д а
пайдалы. Сонымен қатар темекі
шегуден және алкогольді асыра
пайдаланудан бас тарту иммунитетті
н ы ғ а й т у д а ү л к е н м а ң ы з ғ а и е .
Қалыпты салмақты сақтау да шешуші
рөл атқарады, өйткені артық салмақ пен
семіздік иммундық жүйені нашарлатуы
мүмкін.
Иммундық жүйенің қалыпты жұмыс
істеуі үшін D, C дәрумендері, мырыш
және селен сияқты минералдар қажет,
бірақ кез келген биологиялық қоспаны
қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу
керек. Пробиотиктер де иммундық
жүйені нығайтуға және ас қорытуды
жақсартуға көмектеседі.
Енді иммундық қуатты толықтыру
т ә с і л д е р і ж а й л ы а й т а к е т е й і к .
Бұл – ұйқы мен тамақтану тәртібін
сақтау, көкөніс тағамдарын, жеміс-
жидектерді көбірек пайдалану, таза
ауада серуендеу, салауатты өмір салтын
ұстану. Халық арасында иммунитетті
көтерудің сан түрлі (дәрілік шөп
тұнбалары, лимон, зімбір және
т.б. пайдалану) тәсілдері бар. Оны
орынды пайдалансақ еш зияны жоқ.
Ойымызды қорытындылайтын болсақ,
мына мәселелерге көңіл аударғанымыз
жөн.
Қартаю иммундық ландшафтты
иммундық қартаю, әлсіз қабыну және
тимустың кішіреюі сияқты механизмдер
арқылы терең өзгертеді. Бұл өзгерістер
и н ф е к ц и я л а р ғ а с е з і м т а л д ы қ т ы
арттырады және созылмалы ауруларды
қиындатады. Өмір сүру ұзақтығы бүкіл
әлемде артып келе жатқандықтан, бұл
әсерлерді түсіну және азайту егде
жастағы адамдардың денсаулығына
қатысты нәтижелерді жақсарту үшін
өте маңызды болады.
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
дәрігер, Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
