ИМАНДЫ ЖАС – ел болашағыел болашағы

21 Views

Халқымыз бағзы заманнан бері бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Бала – байлығым, “барым да нарым” деп тәрбиелік дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырғаны да белгілі. Сол дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бүгінгі тәрбиелік құндылықтарымыздың негізі болып табылады.
Қазір біздер жаhандану заманында өмір сүріп, дамудың, оның ішінде, технологиялық дамудың жоғары деңгейінің жетістіктерін пайдаланудамыз. Әлбетте, бұл жақсы. Оның үстіне өзгелерден қалмай алға ұмтылуымыз керек. Дегенмен, балаларымыз бен жасөспірімдеріміз интернетке телініп, бар уақыттарын компьютер мен ұялы телефонға үңілумен өткізетін болды. Мұның өзі олардың түрлі қажетсіз де ақпараттарға көңіл қоюын арттырғаны белгілі.
Мемлекетіміз де, тиісті министрліктер де бала тәрбиесіне баса назар аударып, түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Әйтсе де қоғамымызда кездесіп қалатын келеңсіздікпен күресу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл ретте балалардың бойларына ұлттық құндылықтарды енгізе отырып тәрбиелеу, білім беру балабақшадан бастап, мектептерде де қолға алынуда. Әйтсе де бұл бағытта тек тәрбиешілер мен мұғалімдер ғана емес, ата- аналар да көмекке келуі тиіс. «Тәрбие басы – тал бесік» дейді халқымыз. Сол тал бесік әрбір шаңырақтан, әрбір отбасынан басталады. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, отбасында бір-біріне қолдау көрсету — әрбір үйден бастау алуы керек. Бұрын солай болған, қазір де назарда болуы қажет.
«Ел болашағы – жастар» – деген қағидат үнемі айтылып келеді. Иә, жастар еліміздің ертеңі, ата-бабаларымыздың ғасырда- ғасырға аман-есен жеткізген аманаттарын жалғастырушы. Сондықтан да тәрбиелі де иманды, Отанын қастерлейтін, ұлттық құндылықтарымыз бен салт- дәстүрлерімізді бәрінен жоғары қоятын ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Ел ертеңін көкке көтеретін де, ата- баба аманатын жалғастыратын да солар. Сол себепті де бұл бағыттағы жұмыстарға бәріміз бірге үлес қосуымыз керек.
Н.ЖАУЫН,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий