“Айналаға мейірім шаш” фестивалі өтті
Өткен аптада
аудандық
мәдениет үйінде
«Ақжүніс
аналарды қолдау
орталығы»
қоғамдық
қорының ұйымдас-
тыруымен
«Айналаға мейірім
шаш» атты
фестиваль өтті.
Шараның мақсаты – ерекше білім
беру қажеттілігі бар балаларды
қолдау,
олардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуға жағдай жасау,
қоғамда мейірімділік пен жанашырлық
құндылықтарын насихаттау, сондай-
ақ, ерекше балалардың өнері мен
мүмкіндіктерін көпшілікке таныту.
Фестиваль барысында қатысушылар
өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып,
би билеп, түрлі шығармашылық қойылымдарын
ұсынды.
Шара қорытындысында барлық қатысушыларға
арнайы марапаттар
мен сыйлықтар табыс етілді. Ерекше
балалардың
өнері көпшілік тарапынан
жоғары
бағаланып, оларға жылы лебіздер
айтылды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар
шараның жоғары
деңгейде
өтуіне қолдау көрсеткен демеушілер
мен серіктестерге шынайы
алғыстарын
білдірді. Мейірім мен ізгілікке
үндеген фестиваль қатысушылар
мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй
сыйлап,
ерекше әсер қалдырды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ
