Тұрғындар көтерген мәселе шешімін таба бастады

14 Views

Мемлекет басшысы айқындаған «Халық үніне құлақ асатын
мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындардың талап-тілегіне
жедел назар аударып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешу – жергілікті
атқарушы биліктің негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағытта Құмарық
ауылдық округінде көтерілген ауыз су мәселесі де назардан тыс қалмай,
қысқа мерзім ішінде нақты шешімін таба бастады.

Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Құмарық ауылдық округіне арнайы
барып, тұрғындардың ауыз су мәселесіне қатысты көтерген өтініш-тілектерін
тыңдап, ахуалмен жан-жақты танысты. Кездесу барысында халықпен ашық диалог
орнап, өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, нақты ұсыныстар сараланды.
Айта кетерлігі, жақында ғана көтерілген мәселе өз шешімін таба бастады.
Қазіргі таңда ауылдағы ауыз су жүйесінде орын алған ақауларды қалпына келтіру
жұмыстары жедел әрі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл – тұрғындар көтерген мәселелердің назардан тыс қалмай, нақты іс-шаралар
арқылы тиімді шешімін тауып жатқанын дәлелдейді.
Бүгінде сол тапсырмалар аясында арнайы техникалар жұмылдырылып, ауыз
су жүйесінің жұмысын жақсартуға бағытталған тиісті жұмыстар қолға алынды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий